Ислам Чесноков таңдауын жасады

Ислам Чесноков таңдауын жасады
Футбол

Vesti.kz

Қазақстан құрамасының және шотландиялық «Хартс» клубының вингері Ислам Чесноков ел чемпионатына оралған жағдайда қай командада өнер көрсетуі мүмкін екенін айқындады, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, егер Чесноков болашақта Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралса, оның таңдауы тек Қостанайдың «Тобыл» клубымен байланысты болады.

Белгілі болғандай, футболшы қостанайлық клубтан кетер кезде маңызды уәде берген. Ол Қазақстан чемпионатына қайта келетін болса, тек «Тобылдың» жейдесін киетінін айтып, осы сөзінде тұрмақ ниетте. Сондықтан ел ішіндегі басқа клубтардың нұсқаларын қарастырып отырған жоқ.

Дегенмен әзірге 25 жастағы футболшының Қазақстанға жақын арада оралу ықтималдығы төмен. Қазіргі таңда оның мансабындағы басты мақсаттардың қатарында ҚПЛ-де ойнау мәселесі жоқ.

Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ислам Чесноковқа бірқатар шетелдік клубтар қызығушылық танытуда. Олардың қатарында Ресей мен Түркия командалары да бар.