ӘЧ-2026: Испания әлем чемпионы атанды
Championat.com
Әлем біріншілігінің финалында Аргентинамен ойнаған Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Кездесу барысында қарсыластар жылдам гол соғуға тырысты. Алғашқы минуттан испаниялық құрама белсенділік танытты. Аргентина қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қорғаушыларды көп әбігерге салды. Ендігі бір сәтте Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері қарымта шабуылдар ұйымдастырды.
Екінші кезеңде испаниялық футболшылар қарқынын арттыра түсті. Осындай сәттің бірінде аргентиналық Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Қосымша кезеңнің 106-минутында испаниялық Ферран Торрес мергендік танытты.
Осылайша Испания құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанды.
Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, қосымша кезеңге ұласты.
Бір айдан астам уақытқа созылған дүбірлі додада осылайша мәресіне жетіп, тарих шежіресіне жазылып қалады.