Қазақстандық балуандар Мажарстандағы турнирді үш медальмен аяқтады
Жекпе-жек
ҰОК
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күнінде грек-рим күресінен бәсекелер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бір күміс, екі қола медальмен турнирді аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Фидахметов ақтық сында Шаршенбековтен жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдеге ие болды. Исхар Курбаев 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған еді.