Бас бапкер Елдос Сметовтің ұлттық құрамадан неге бөлек жаттығатынын түсіндірді

Бас бапкер Елдос Сметовтің ұлттық құрамадан неге бөлек жаттығатынын түсіндірді
Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан командасы Парижде өтетін Grand Slam турниріне аттанды. Команда қатарында Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов те бар, деп жазады Bassport.kz. 

Париждегі жарысқа дайындық барысында Сметов жеке бапкерімен бірге командадан бөлек жаттыққан. Бұл туралы бас бапкер Нұрбол Сүлейменов айтты. 

"Елдос жеке жоспар бойынша жаттықты. Бұған басшылық рұқсат етті. Тек қана Сметовтің бөлек, өз бапкерімен жаттығуына мүмкіндік берілді. Мұны министрлік деңгейінде шештік. Елдос Ресейде жаттығып келді. Бізбен бірге Париж қарсаңындағы соңғы жиынға қатысты", - дейді Сүлейменов. 

Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей: 

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев