Әртістік жүзуден Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы 4 алтын алды

Әртістік жүзуден Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы 4 алтын алды
Басқа

Туризм және спорт министрлігі

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жас ерекшеліктері бойынша әртістік жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жарыс күнін аса сәтті өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Төртінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар топтық бағдарламаларда бірден 4 алтын медаль жеңіп алып, құрлық біріншілігіндегі көшбасшылықтарын нығайтты. 

Азия чемпиондары атанған құрамалар: Жасөспірімдер (еркін бағдарлама):

Айғаным Саим, Мақпал Қалмырза, Даяна Жаманшалова, Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова, София Ищенко, Сәлима Ақылбек, Жанерке Нұркенқызы.

Қосалқы құрам: Алдияр Рамазанов, Әлиша Рафқатова. 13-15 жас санаты (еркін бағдарлама): Назым Саим, Жансая Әбдіқадыр, Валерия Коструб, Тахмина Заирова, Валерия Матвеева, Альмира Баймаханова, Русалина Милушина. 

Қосалқы құрам: Айым Саим, Сафия Хамит. 12 жасқа дейінгі спортшылар (еркін бағдарлама): Әл-Жазира Баталова, Медина Сайлаубекова, Малика Нұржанова, Юлия Мишиева, Аделина Рафқатова, Елизавета Амельченко, Амили Баймахан, Алуа Айтбай. 

Қосалқы құрам: Әлфия Райыс. Жасөспірімдер (акробатикалық бағдарлама): Ясмина Исламова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Мақпал Қалмұрза, Даяна Жаманчалова, Анастасия Воронкова, София Ищенко, Полина Мерзлякова. Қосалқы құрам: Сәлима Ақылбек, Милана Ашаханова. 

Осы жетістіктердің арқасында Қазақстан құрамасының су спорт түрлерінен Азия чемпионатындағы жалпы медаль қоржыны 29 жүлдеге жетті. Оның ішінде 16 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль бар.