Түркістандық оқушылар дойбыдан республикалық жарыста жеңімпаз атанды
Басқа
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана қаласында дойбыдан өткен республикалық жарыста саурандық М.Әуезов мектебінің оқушылары жалпы командалық есепте жүлделі І-орынды иеленді.
Жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен.
Сайыс салауатты өмір салтын қалыптастырып, достық қарым-қатынасты нығайту, жастарды спортқа баулу мақсатында қолға алынған.
Айта кетсек, дойбыдан өткен турнирге Атырау, Жетісу, Қарағанды Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан жалпы саны 40 оқушы қатысқан.