Станислав Черчесов: «Kез келген қарсыласты құрметтеу керек»

Станислав Черчесов: «Kез келген қарсыласты құрметтеу керек»
Футбол

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребе қорытындысына қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Бұл деңгейде жеребе үлкен маңызға ие.
Бельгия құрамасы маған жақсы таныс — бұл командамен іріктеу турнирінде де, Еуропа чемпионатында да кездескенмін. Қазір олар қайта құру кезеңін бастан өткеріп жатыр. Уэльс пен Солтүстік Македония құрамаларына келер болсақ, оларды ұзақ уақыттан бері бақыламадым, сондықтан әзірге нақты баға бере алмаймын. Ал бесінші себеттен түскен Лихтенштейн құрамасы туралы айтар болсам, кез келген қарсыласты құрметтеу керек. Оларды мұқият зерттеп, жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз. Күнтізбе қалай болатынын көреміз. Болжау жасағым келмейді, бірақ мен үшін өз командамның дайындығы маңызды. Ең бастысы — құраманы дұрыс дайындап, нәтижеге ұмтылуға жігерлендіру, — деді Станислав Саламұлы.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобына түскен болатын.