«Барселона» Ямалға аңызға айналған нөмір мен миллиард еуро тұратын келісімшарт дайындады

Әлеуметтік желі
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль келесі маусымнан бастап аңызға айналған 10-нөмірмен өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Managing Barça дерегінше, бұл шешім ресми түрде бекітілген. Кейбір ақпарат көздері нөмірді өзгерту 13 шілдеде, яғни футболшы 18 жасқа толғаннан кейін жүзеге асатынын айтады.
Сондай-ақ, «Барселона» Ямалға келісімшартты бұзу ақысы 1 миллиард еуро болатын жаңа келісімшарт дайындаған. Бұл клуб тарихындағы ең қымбат шарттардың бірі болмақ.
Қазіргі таңда 10-нөмір Ансу Фатиге тиесілі, алайда ол клубта қалса да, нөмір міндетті түрде Ямалға беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін бұл нөмірмен «Барселонада» Лионель Месси, Роналдиньо, Ривалдо, Диего Марадона, Хуан Рикельме және Ромарио сынды аңыз ойыншылар өнер көрсеткен.