Қазақстандық жас футболшы Испания клубымен ресми келісімшартқа отырды

Футбол
Әлеуметтік желі
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Испанияның «АД Сеута» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл туралы испандық клуб өздерінің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. Келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге айтылған жоқ.
Айта кетейік, өткен маусымда 21 жастағы Анкудинов Испанияның бесінші дивизионында өнер көрсететін «Менсахеро» клубының намысын қорғап, барлық турнирлерде 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген болатын.
Бұған дейін ол Молдованың «Шериф», Арменияның «Ван», Литваның «Джюгас» және Беларусьтің «Днепр-Могилев» клубтарында ойнаған.