Баходир Жалоловтың АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпейтін болды

Баходир Жалоловтың АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпейтін болды
Бокс

Gazeta.uz

Ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Жалоловтың (15-0, 14 KO) 26 шілдеде Нью-Йоркте өтуі тиіс болған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Bassport.kz Top Rank промоутерлік компаниясының ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.  

Жалоловтың қарсыласы — италиялық Джанмарко Кардилло (12-1-2, 2 KO) — жекпе-жектен денсаулығына байланысты бас тартуға мәжбүр болған. Бұл жайында Top Rank компаниясы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады:

«Ауыр салмақтағы Баходир Жалолов пен Джанмарко Кардилло арасындағы жекпе-жек болмайды. Кардилло медициналық мәселелерге байланысты жекпе-жекке шыға алмайды».

Айта кетейік, Баходир Жалолов соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 KO) төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.