Дастин Порье UFC 319 турнирінде сарапшы қызметін атқарады

Жекпе-жек
Sportbox
АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде мансабын аяқтаған Дастин Порье сарапшы ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Онымен бірге талдау жүргізетіндер қатарында UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпиондыққа үміткері Энтони Смит, орта және жартылай ауыр салмақтағы экс-үміткер Чейл Соннен және америкалық спортшы Майкл Кьеза бар, деп жазады MMAJunkie.
UFC 319 турнирі 17 тамызда өтеді. Басты жекпе-жекте жеңіліссіз келе жатқан шешен спортшысы Хамзат Чимаев пен Оңтүстік Африка өкілі Дрикус дю Плесси кездеспек.
Айта кетейік, Дастин Порье соңғы жекпе-жегінде UFC турнирінде Макс Холлоуэйге есе жіберген еді.