Жәнібек Әлімханұлы абсолютты чемпиондыққа ұмтылуда

Бокс
Offside.kz
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 22 қарашада Эр-Риядта өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Ол алдағы жылы абсолютты чемпион атану үшін үшінші және төртінші белбеуді иеленуді мақсат етеді.
«Қазақ стилі» Карлос Адамеспен айқас өткізуді көздейді. WBC чемпионы саналатын доминикандық боксшымен жекпе-жек әзірге ресми бекітілген жоқ. Дегенмен Әлімханұлы бұл кездесудің боларына сенімді. Ол тағы да Турки әл-Шейхке үн қатып, желтоқсанда үшінші белбеуін жеңіп алуға, ал 2025 жылдың мамырында төртінші титулды иеленуге ниетті екенін мәлімдеді.
«ИншаАлла, қарашада үшінші титулымды, мамырда төртінші титулымды жеңіп аламын», – деді боксшы.
Жақында Жәнібек АҚШ-қа барып, жаттығу лагерін бастап кетті. Бұл – күзде Адамеспен кездесу мүмкіндігін арттыруға бағытталған қадам.