Елена Рыбакина тарихи көрсеткішпен Цинциннатиде ширек финалға шықты

Елена Рыбакина тарихи көрсеткішпен Цинциннатиде ширек финалға шықты
Теннис

olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№10) АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп жазады Bassport.kz.

1/8 финалда Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизді – 6:7, 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Opta Ace мәліметінше, WTA 1000 турнирлерінде ТОП-10 ойыншыларына қарсы Рыбакинаның жеңіс пайызы – 66,7. Бұл көрсеткіш турнир тарихында (кемінде 11 матч) үшінші нәтиже саналады. Одан жоғары көрсеткішке тек Серена Уильямс пен Ига Швёнтек қана ие.