Рыбакина WTA қорытынды жарысын сенімді жеңіспен бастады
Теннис
Instagram, @lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA маусымының қорытынды жарысындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингіде алтыншы орында тұрған отандасымыз Эр-Риядта басталған WTA Finals жарысында Серена Уильямс атындағы топта бақ сынап жатыр. Рыбакинаның турнирдегі алғашқы қарсыласы әлемнің төртінші ракеткасы Аманда Анисимова болды. Бір сағатқа жетпейтін уақытта аяқталған матчты 6:3, 6:1 есебімен Елена Рыбакина өз пайдасына шешті. Енді Рыбакина алда Ига Швентекпен және Мэдисон Кизбен шеберлік байқасады.