"Қайраттың" көшбасшы ойыншыларының бірі "Интермен" матчқа қатыспайды

Футбол

sports.by

Алматылық "Қайрат" ойыншысы Александр Мартынович УЕФА Чемпионда Лигасы жалпы кезеңі 4-туры аясында "Интермен" өтетін матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойын алдындағы баспасөз мәслихатында айтты. 

"Интермен" матч алдында барлық қақпашыларымыз бен ойыншыларымыздың дені сау. Тек Мартыновичтің аздаған жарақаты бар. Александр чемпионаттағы соңғы ойында кішігірім жарақат алды", - деді бас бапкер. 

"Қайрат" пен "Интер" арасындағы ойын Астана уақытымен 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні өтеді. 

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі үш турынан кейін алматылық ұжым қоржынында бір ұпай бар. "Қайрат" португалиялық "Спортинг" пен мадридтік "Реалдан" жеңіліп, "Пафоспен" тең тарқасқан еді.