Қазақ жастары Словакияны жеңе алмады
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Словакиядан жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Сырт алаңда өткен ойында Рамазан Бағдат алғаш болып есеп ашқанымен, кейін словакиялықтар қақпамызға екі гол соқты.
Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 18 қарашада өз алаңында Молдоваға қарсы өткізеді.