Александр Бублик рекордтық көлемде табыс тапты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рекордтық көлемде табыс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
ATP ресми сайтында қазақстандық теннисшінің биылғы маусымда қанша табыс тапқаны жария етілді. Бублик 2025 жылы 2 млн 905 доллар, яғни 1,5 млрд теңге көлемінде табыс тапқан. Бұл – Бублик үшін рекордтық көрсеткіш. Қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы барлық табысы 10 млн 646 мың доллар - 5,5 млрд теңгеге жетті. Александр ATP турнирлерінде сегіз титул жеңіп алса, соның төртеуіне биылғы маусымда қол жеткізген.
Сонымен қатар Александр Бублик әлемдік рейтингіде 11-орнын сақтап қалды. Бұл да ол үшін үздік нәтиже болып есептеледі.