Еуро-2026: Қазақ футболшылары элиталық кезеңге жолдама алды

Еуро-2026: Қазақ футболшылары элиталық кезеңге жолдама алды
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер (U19) құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің элиталық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“В” дивизионының 1-тобында өнер көрсеткен отандастарымыз соңғы ойында Кипрмен кездесіп, тең тарқасты - 1:1. Бұған дейінгі матчтарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ирландияны жеңіп, Нидерландтан ұтылған еді. Осылайша, жас өрен футболшыларымыз турнирлік кестеде 4 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

Енді Кирилл Кекер шәкірттері келер жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалына шығу үшін таласады.