Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері өмірден өтті
Футбол
“Қайрат” ФК
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Кирилл Кекер дүниеден өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы “Қайрат” футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Бапкер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өткен.
“Бұл - бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан астам уақыт “Қайрат” жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті”, - деп жазды клуб.
Кирилл Кекер 2022-2024 жылдары алматылық клубтың бас бапкері қызметін атқарды. 2025 жылы Академияға жетекшілік етіп, сонымен қатар Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеп, жаңа буын футболшыларын қалыптастыруды жалғастырды.
Жақында ғана Кирилл Кекер бастаған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама алған еді.