“Қайрат” жастар грекиялық команданы жеңді

“Қайрат” жастар грекиялық команданы жеңді
Футбол

“Қайрат” ФК

“Қайраттың” жастар командасы (U-19) УЕФА Жасөспірімдер лигасы жалпы кезеңінің алтыншы турында грекиялық “Олимпиакосты” жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алаң иелері кездесу есебін ашып, Рамазан Бағдат гол авторы атанды. Екінші таймда Мұхамедәлі Әбіш алматылық клубтың есептегі басымдығын арттырып, таблодағы көрсеткіш 2:0-ге өзгерді. Жанкүйерлер ойынның 57-минутынан кейін нәтижелі шабуыл көрген жоқ. Осылайша, алматылық “Қайрат” УЕФА Жасөспірімдер лигасы жалпы кезеңі аясында алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, турнирді қоржындағы төрт ұпаймен аяқтады.