“Қайрат” Чемпиондар Лигасында бесінші рет ұтылды

“Қайрат” Чемпиондар Лигасында бесінші рет ұтылды
Футбол

AP/TASS

“Қайрат” футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің алтыншы турында грекиялық “Олимпиакосты” қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Астана Арена” стадионында өткен матчтың алғашқы таймында қонақтар көп шабуылдаған, алайда Темірлан Анарбеков өз қақпасына гол жібермеді. Ал ойынның екінші жартысында Желсон Мартинш көзге түсіп, осы бір гол “Олимпиакостың” жеңіске жетуі үшін жеткілікті болды. 

20 қаңтарда “Қайрат” өз алаңында бельгиялық “Брюггені” қабылдайды. Бұл ойын да “Астана Аренада” өтеді.