Темірлан Анарбеков тағы да Чемпиондар Лигасы назарын аудартты (ВИДЕО)
Футбол
Темірлан Анарбеков/ Сурет: Маржан Қуандықова
Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар Лигасының назарын өзіне аудартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Лига Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жалпы кезеңнің 6-турының үздік сейвтері топтамасын жариялады. “Қайрат” қақпашысы Темірлан Анарбековтің “Олимпиакосқа” қарсы ойында жасаған екі сейві үздіктер қатарынан табылды.
Айта кетейік, Астанада өткен кездесуде Рафаэль Уразбахтин бастаған команда грекиялық ұжымға 0:1 есебімен есе жіберді.