"Қайрат" ірі есеппен "Брюггеден" жеңіліс тапты

Футбол

Сурет: "Қайрат" ФК

УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 7-турында алматылық "Қайрат" өз алаңында бельгиялық "Брюггені" қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алматылық ұжым үшін "Астана арена" стадионында өткен бұл ойын жалпы кезең аясында өз алаңында өткізген соңғы кездесу еді. Ойын есебін бельгиялық команда ашып, "Брюгге" жалпы алаң иелерінің қақпасына төрт гол соқты. Александр Станкович ойындағы алғашқы голдың авторы атанса, артынша Ханс Ванакен, Ромео Верман, Брэндон Мехеле көзге түсті. 

Ал "Қайраттың" ойындағы жалғыз голын қосалқы құрамда болған Әділет Садыбеков орнатты - 1:4. 

Осылайша, алматылық ұжым Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінде қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты. Жеті турдан кейін футболшыларымыз 1 ұпаймен турнирлік кестеде 36-орында келеді. Жалпы кезеңдегі соңғы ойынын "Қайрат" 28 қаңтарда срыт алаңда "Лондонға" қарсы өткізеді.