Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Левскиден» минималды есеппен жеңілді
Футбол
«Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчта Софияда (Болгария) жергілікті «Левски» командасынан 1:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Алаң иелері ойындағы жеңісті голды 90+2 минутта соқты. Болгариялық клубиың жартылай қорғаушысы Сержинью мергендігімен көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады.
Статистика бойынша да болгарлар басым түсті. Соққылар саны жөнінен қонақтардан 13:0 есебімен алда болды. Ал, «Қайрат» футболшылары сырт алаңда тең есепті ұстауға тырысып, көбіне қорғаныста ойнап, қарымта шабуылға иек артты.
Айта кетейік, қарымта кездесу 11 тамыз күні Түркістан қаласында өтеді.