Жеңіл атлетика: Анна Черкашина әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты

Жеңіл атлетика: Анна Черкашина әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты
Басқа

Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Bassport.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 4,10 метр нәтижемен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.