Ауыр атлетика: Ксения Прозорова Азия чемпионатының алтын жүлдесін еншіледі
Басқа
ҰОК
Ташкентте (Өзбекстан) жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Спортшы 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 (94+110) келі көтерді.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 (89+111) келі нәтижесімен иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.