Әлем чемпионаты: Виктор Друзин әртістік жүзуден екінші рет үздік атанды

Әлем чемпионаты: Виктор Друзин әртістік жүзуден екінші рет үздік атанды
Басқа

Olympic.kz

Будапеште (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр. Жарыс аясында Виктор Друзин еркін бағдарламада 257,1201 ұпай жинап, қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл бағдарламада Ресей спортшысы Захар Трофимов 267,0426 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал Испания өкілі Энеко Санчес Агилар 264,4163 ұпаймен екінші орын алды. 

Айта кетейік, бұған дейін Друзин техникалық бағдарламада да үшінші орын алған болатын. Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада екінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ отандастарымыз акробатикалық бағдарламада да екінші орынға ие болды.