Бекасыл Асамбек күрестен U20 әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Бекасыл Асамбек күрестен U20 әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Жекпе-жек

Olympic.kz

Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты.Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.