Қазақстандық бессайысшылар Қытайдағы әлем чемпионатында қандай нәтиже көрсетті
ҰОК
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында эстафеталық бәсекелер өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасының үш жұбы да сәтті өнер көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ерлер арасындағы сында Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов 7-орынға табан тіреді. Әйелдер бәсекесінде Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова 9-орын алса, аралас эстафетада бақ сынаған Кирил Стадник пен Ярославна Понер де жарысты 9-орынмен тәмамдады.
Эстафеталық кезеңнен кейін спортшылар бірден жекелей сында бақ сынауға көшті. Бұл туралы толық ақпаратты ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми мәлімдемесінен және Спорттық бессайыс федерациясының парақшасынан білуге болады.