Қазақстандықтар қазіргі бессайыстан Қытайдағы әлем чемпионатын аяқтады
Olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын бес спортшы қорғады.
А іріктеу тобында Кирилл Стадник 20-орынға ие болды. В тобында Тихон Варёхин 16-орын алса, Темірлан Абдраимов 21-орынға тұрақтады. С тобында Данил Богданов 17-орыннан көрінді, ал Лев Чувашов 18-орын алды.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық бессайысшылар жартылай финалға өте алмады.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Қазбекова А тобында 21-орынға ие болды. В тобында Юлиана Петрова 27-орын, Ярославна Понер 30-орын алды. Қазақстандық спортшылар бұл кезеңнен де өте алмады.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар эстафеталық жарыстарда да бақ сынады. Ерлер эстафетасында Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды.
Әйелдер эстафетасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова мәреге тоғызыншы болып жетті.
Аралас эстафетада Ярославна Понер мен Кирилл Стадник те тоғызыншы орын алды.
Командалық есепте Қазақстан әйелдер арасында 11-орынға, ерлер арасында 13-орынға орналасты.