Қазақстан құрамасы Азия ойындарында триатлоннан аралас эстафетаға қатысады
Басқа
ҰОК
Халықаралық триатлон федерациясы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындарына қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жекелей жарыстарда Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі: екі ер және екі әйел.
Әйелдер бәсекесінде Диана Ержанова мен Юлиана Петрова өнер көрсетеді. Ал ерлер арасында Аян Бейсенбаев пен Арлан Жаңабай бақ сынайды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы аралас эстафетаға қатысады. Бұл сайыста ел намысын Егор Крупяков, Арлан Жаңабай, Диана Ержанова және Аида Ким қорғайды.
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.