Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында ерекше жетістікке жетті

Килиан Мбаппе  Чемпиондар лигасында ерекше жетістікке жетті
Футбол

realmadrid.com

Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының ең үздік сұрмергендері тізіміндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, франциялық шабуылшы Еуропаның басты клубтық турнирінің алғашқы турында «Интердің» қақпасына соққан голының арқасында турнир тарихындағы ең үздік сұрмергендердің ТОП-5 тізіміне кірді. Қазіргі уақытта 27 жастағы Мбаппенің еншісінде 71 гол бар. Ол осы көрсеткіш бойынша «корольдік клубтың» тағы бір аңызы Рауль Гонсалеспен теңесті. Енді Мбаппенің алдында 90 голы бар отандасы Кәрім Бензема тұр. Ал көш басында 141 гол соққан Криштиану Роналду сенімді түрде келе жатыр. Ең қызығы, оның артында өкшелеп келе жатқан Эрлинг Холандта 59 гол бар. Мбаппе бұл қарқынымен жақын жылдары Кәрім Бенземаның да рекордын жаңартуы әбден мүмкін.