Дастан Сәтпаев жасыл алаңға қашан оралады
Getty Images
«Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жарақатынан кейін алаңға қашан оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
18 жастағы футболшы Чемпионшип аясындағы «Мидлсброға» қарсы матчта жарақат алған. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Негізгі құрамда алаңға шыққан Сәтпаев 80-минутта санның артқы бөлігіндегі жайсыздыққа байланысты ойынды жалғастыра алмады. Осыдан кейін қазақстандық шабуылшы жаттығу үдерісінен уақытша шеттетілді. Қазір оның оңалту жұмыстарын «Бернли» мен ойыншының трансферлік құқығына ие «Челсидің» медициналық штабтары бірлесіп бақылап отыр. Никки Хайеннің айтуынша, Сәтпаевтың қалпына келуі жоспарға сай жүріп жатыр. Оның алаңға оралуы ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты болатын халықаралық үзіліс кезінде күтіледі.
«Дастан халықаралық үзіліс кезінде қатарға қосылады деп үміттенеміз. Ол осында қалады. «Челсидің» өкілдері біздің дәрігерлермен кездесіп үлгерді. Екі тарап оның мүмкіндігінше тезірек қалпына келуіне көмектесетін арнайы бағдарлама әзірледі», – деді Хайен.
Сәтпаев биылғы маусымды «Бернли» сапында жалға өткізіп жатқанымен, оның жағдайын Лондонның «Челси» клубы да жіті бақылауда ұстап отыр.
Екі клубтың бірлескен жұмысы футболшыға түсетін жүктемені дұрыс реттеуге және оның алаңға оралуын асықтырмауға мүмкіндік береді.