ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында «Амурдан» жеңілді
«Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 12 қыркүйекте елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу барысында ресейлік команда белсенділік көрсетті. Олар бірінші кезеңде бір шайба соғып үлгерді. Екінші кезеңде олар тағы бір мәрте көзге түссе, оған қазақстандық команда бір голмен жауап қайырды.
Шешуші кезеңде ресейлік команда тағы бір гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Амур» (Хабаровск, Ресей) 1:3 (0:1, 1:1, 0:1) 0:1 - Лихачёв (Войнов, Пилипенко) - 09:46 0:2 - Шварёв (Лукин, Филатьев) - 30:02 1:2 - Пилон (Бэйли, Морелли) - 32:44 1:3 - Петьков - 59:54 Қақпашылар: Шепард - Дорожко
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Енді елордалық клуб алдағы төрт кездесуін сырт айдында өткізеді. Алдымен 16 қыркүйекте Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы ойнаса, одан кейін 18 қыркүйекте «Метуллург» (Магнитогорск), 20 қыркүйекте «Локомотив» (Ярославль), 22 қыркүйекте «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.