«Металлург» өз айдынында «Барысты» қапы қалдырды

«Металлург» өз айдынында «Барысты» қапы қалдырды
Хоккей

«Барыс» ХК

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында сырт алаңда магнитогорскілік «Металлургтен» 0:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Кездесудің тағдыры бірінші кезеңнің алғашқы жеті минутында-ақ шешіліп, айдын иелері қазақстандық клуб қақпасына жауапсыз үш шайба соқты.

Ойынның алғашқы минутынан-ақ басымдықты қолға алған «Металлург» сапында Макар Хабаров, Егор Коробкин және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис гол соқты. Үшінші шайбадан кейін «Барыстың» бапкерлер штабы қақпашы Хантер Шепардты Андрей Шутовқа ауыстырды. Қалған уақытта Михаил Кравецтің шәкірттері қарсылас қақпасының кілтін таба алмады.

Сырт алаңдағы серия аясында «Барыс» келесі кездесуін 20 қыркүйекте ярославтық «Локомотивке» қарсы өткізеді.