Бивол мен Бетербиев арасында трилогия өте ме
BoxingScene
The Ring басылымына сұхбат берген Дмитрий Биволдың менеджері Вадим Корнилов жартылай ауыр салмақтағы қос мықты — Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жектің өту мерзімін жариялады, деп хабарлайды Bassport Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қос боксшы арасындағы тарихи трилогия 2027 жылдың көктемінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта боксшылар арасындағы жалпы есеп – 1:1. Бірінші кездесуде (2024 жылдың қазанында) төрешілер шешімімен Бетербиев жеңіске жетсе, 2025 жылдың ақпанында өткен қарымта матчта Бивол дәл сондай шешіммен есе қайтарған.
Алайда, үшінші айқас ресми нақтылануы үшін Дмитрий Бивол алдымен 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған британиялық Каллум Смитке қарсы жекпе-жекті сәтті өткізуі тиіс. Егер бұл сында Бивол жеңіске жетсе, тараптар Бетербиевпен үшінші кездесуді өткізу келіссөздеріне ресми түрде қайта оралады.