Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Басқа
ҰОК / Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ислам 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыста өнер көрсетті. Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Алтын медальді қытайлық Чжан Чанхун жеңіп алды - 360.5. Күміс медаль оның отандасы Лю Юйкуньға бұйырды - 360.2.