«Қайраттың» экс-қақпашысы өмірден озды
«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайраттың» экс-қақпашысы, КСРО спорт шебері Александр Убыкин 74 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы ҚФФ хабарлады.
Алматы футболының түлегі кәсіпқой мансабында Ростовтың СКА, Павлодардың «Трактор» және алматылық «Қайрат» клубтарында өнер көрсеткен. Ол жанкүйерлер арасында дәл осы «Қайрат» сапындағы жарқын ойындарымен кеңінен танылды. Александр Убыкин 1976-1987 жылдар аралығында алматыдық ұжымның намысын қорғап, КСРО Жоғары лигасында 208-ге жуық матч (207 ойын) және Бірінші лигада тағы 50 кездесу өткізген.
Ол «Қайрат» құрамында екі мәрте (1976 және 1983 жылдары) КСРО Бірінші лигасының жеңімпазы атанды және одақ біріншілігінің Жоғары лигасында ең көп ойын өткізген қазақстандық қақпашылардың бірі ретінде тарихқа енді.
Спортшы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін де футболдан қол үзбей, ұзақ жылдар бойы «Қайратта» қақпашылар бапкері болып қызмет етті және отандық академияларда жас буынды тәрбиелеуге зор үлес қосты.