Дзюдо: Қазақстан командасы әлем чемпионатында Олимпиада чемпиондарына есе жіберді
Жекпе-жек
Туризм және спорт министрлігі
Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында командалық сайыс (микст) өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне
Алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының жеңімпазы Франциямен кездесті.
Бұл белдесуде 1-4 есебімен қарсылас басым түсіп, ширек финалға өтті. Ұлттық құрама сапында Жантілек Нұртілепұлы, Дина Мұханбет, Ерсұлтан Дүйсенхан, Мөлдір Нарынова мен Ермахан Ануарбеков бозкілемге шықты. Осылайша, Қазақстан Бакудегі чемпионатты Шерзод Давлатов (-60 кг) қол жеткізген 1 күміс медальмен аяқтады.
Биыл 93 мемлекеттен 622 татами шебері жиналды.