«Барыс» өз айдынында «Сибирь» командасынан жеңілді

«Барыс» өз айдынында «Сибирь» командасынан жеңілді
Хоккей

Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 13 ойыннан кейін 16 ұпаймен оныншы орында тұрса, «Сибирь» 14 ойыннан кейін 11 ұпаймен он тоғызыншы орынға жайғасқан еді. 

Кездесу барысында алғашқы екі кезеңде қазақстандық клуб екі шайба соқса, оған ресейлік команда бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде ресейлік ұжым екі шайба соғып кетті. 

Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді. Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті. Қазақстандық команда бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 14 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.