Астанада жүзуден әлем кубогының шешуші кезеңі басталды
ҰОК
Бүгін, 15 қазанда, Астанада жүзуден әлем кубогының шешуші кезеңі басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыс 17 қазанға дейін жалғасады. Жарыс «Барыс Арена» спорт кешенінде өтуде.
Мұнда әлемнің үздік жүзгіштері, соның ішінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бақ сынауда. Қазақстан намысын 22 спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына Александр Румынский, Даниил Черепанов, Максим Клименко, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Егор Василенко, Глеб Коваленя, Даниил Чужинов, Раид Хиссамиев, Мансұр Балтемір, Еламан Бибулаев, Артём Шевченко, Айбат Мырзамұратов, Анатолий Руденко, Ришат Жұмағұлов, Әділбек Мусин, Артур Миронов, Максим Сказобцов, Егор Попов, Фёдор Диденко, София Абубакирова және Ғалымжан Балабек кірді.
Әлем кубогы кезеңінің ашылу салтанаты бүгін сағат 17:30-да өтеді.
Айта кетейік, 2026 жылы әлем кубогы Silk Road Tour сериясы аясында ұйымдастырылып, үш қаланы қамтыды. Алғашқы екі кезең Әзербайжанның Баку және Өзбекстанның Ташкент қалаларында өтті.