Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Мажарстандағы турнирде бақ сынайды
Қысқы спорт
ҰОК
Будапешт қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысады. Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Никита Кривошеев өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Зере Сарбалина ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, халықаралық жарыс 15-18 қазан аралығында өтеді.