Диас Кенжебек паражүзуден Азия рекордын жаңартып, құрлықтық додада топ жарды

Диас Кенжебек паражүзуден Азия рекордын жаңартып, құрлықтық додада топ жарды
Басқа

Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық паражүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Сондай-ақ бүгін, 20 қазанда ол SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт нәтижесін тіркеп, күміс алды. Бұл - Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Осылайша Диас Кенжебектің еншісінде үш медаль бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс алған еді.