Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезеңінде сынға түседі

Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезеңінде сынға түседі
Басқа

ҰОК

Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогының кезеңі өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандастарымыз жекелей және командалық сайыста бақ сынайды. 

Ұлттық құраманың тізімі:

Классикалық садақ, ерлер: Мухаммад Бегайдар, Әлемхан Қабдрахманов, Қамар Рахымжан, Санжар Ержанұлы

Классикалық садақ, әйелдер: Назеркеш Әлібек, Ангелина Власова, Ясмин Ғалиахмет, Анастасия Солодовникова

Блоктық садақ, ерлер: Данияр Жұмаев, Ислам Серікұлы, Никита Ивлев, Павел Кузнецов Блоктық садақ, әйелдер: Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева, Эльмира Раисова, Жанель Шадьярова

Айта кетейік, Азия кубогының кезеңі 24-29 қазан аралығында өтеді.