Қазақстан құрамасы жүзуден Азия Пара ойындарында күміс алды

Қазақстан құрамасы жүзуден Азия Пара ойындарында күміс алды
Басқа

Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстан құрамасы жүзуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандастарымыз 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада екінші орын алды. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтті. Ұлттық құрама сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина өнер көрсетті. Жарыста Қытай құрамасы 2 минут 25,22 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Таиланд өкілдері 2 минут 54,64 секунд көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.