Гштаад ATP 250: Шевченко ширек финалға шықты, Бублик жарысты аяқтады
Теннис
ҰОК
Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан корттардағы ATP 250 турнирінде қазақстандық теннисшілердің бірі қуанып, екіншісі жеңісті уысынан шығарып алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Еліміздің екінші ракаткасы Александр Шевченко екінші айналымда жергілікті теннисші Доминик Штефан Штрикерді 56 минут ішінде сенімді түрде жеңді. Бірінші сетті тай-брейкте (7:6) иеленген Александр екінші партияда қарсыласына еш мүмкіндік бермеді (6:2).
Өкінішке қарай жарыстың 1-ракеткасы Александр Бублик франциялық Кентен Алиспен өткен тартысты кездесуде есе жіберіп, турнирмен қоштасты.
Енді ширек финалда Шевченко дәл осы Бубликті жарыстан шығарған Кентен Алиспен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.