Будапешттегі рейтингілік турнир: Алтын Шагаева қола медаль үшін белдеседі

Будапешттегі рейтингілік турнир: Алтын Шагаева қола медаль үшін белдеседі
Жекпе-жек

ҰОК

Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János мемориалы халықаралық рейтингілік турнирі жалғасып жатыр. Кезектегі жарыс күнінде грек-рим және әйелдер күресінің шеберлері боз кілемге шықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Қазақстандық балуан Алтын Шагаева финалдық кезеңге өтіп, үшінші орын үшін өтетін бәсекеде норвегиялық Отелия Хёйемен күш сынасады. Сонымен қатар Ирина Кузнецова (62 кг), Қызжібек Жарқынбаева (65 кг), Ирина Казюлина (68 кг) және грек-рим күресінен Дінмұхамед Қошқар мен Мейіржан Шермаханбет (67 кг) жұбаныш белдесуінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Барлық шешуші кездесулер бүгін кешке өтеді.