Құрбаев пен Сұлтанғали елордадағы әлем чемпионатында қола жүлде алды
Жекпе-жек
Сали Сабиров
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалиттен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали да грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.
Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.