Хоккей: «Барыс» клубының Башқұртстан кубогындағы ойын кестесі ресми бекітілді
Хоккей
«Барыс» хоккей клубы
Астаналық «Барыс» хоккей клубының маусымалды дайындық аясында Уфа қаласында өтетін «Башқұртстан Республикасы кубогы» турниріндегі ресми ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
17-20 тамыз аралығында ұйымдастырылатын дәстүрлі жарыста Михаил Кравец шәкірттері айналмалы жүйе бойынша үш кездесу өткізеді. «Барыс» алдымен айдын иелері «Салават Юлаевпен» мұз үстінде жолықса, кейіннен «Амур» және «Лада» ұжымдарымен шеберлік байқасады.
«Барыстың» қатысуымен өтетін матчтардың нақты кестесі (Астана уақытымен):
17 тамыз (дүйсенбі), 19:00: «Салават Юлаев» – «Барыс»
18 тамыз (сейсенбі), 15:00: «Барыс» – «Амур»
20 тамыз (бейсенбі), 13:00: «Лада» – «Барыс»