«Жетісу» футбол клубы қаржылық қиындықтарға тап болды
Футбол
«Жетісу» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасының қатысушысы талдықорғандық «Жетісу» клубы кезекті қаржылық дағдарысқа тап болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Спорттық басылымдардың жазуынша, клуб басшылығы футболшылар алдындағы еңбекақы міндеттемелерін орындай алмай отыр. Атап айтқанда, команда құрамындағы легионерлердің жалақы алмағанына екі айға жуықтаған.
Қазіргі уақытта 24 турдан кейін «Жетісу» турнирлік кестенің ең соңғы сатысында орналасқан және Қазақстан Премьер лигасынан ұшудың аз-ақ алдында тұр. Осындай күрделі жағдайға қарамастан Қайрат Нұрдәулетов баптайтын ұжым ертең, 5 қыркүйекте павлодарлық «Ертіспен» кездеседі. Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады.